31.05.2018, 15:56 884 Қазақстанның мемлекеттік рәміздер күніне арналған бұқаралық велошеру өтеді


Маусымның 3-і күні, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай, «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту жобасы аясында дәстүрге айналған бесінші велошеру өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі. 

Велошеруге қатысушалар әдеттегідей сөреге 08:30-да жиналады, ал спорттық шара 09:00-де басталады. Бұл жолы қатысушылар 8 шақырым қашықтықты бағындырады. Олар Әл-Фараби даңғылынан Шығыс айналмалы жолға дейін түсіп, Төле би көшесіне дейін жүріп өтеді. Велошеру «Астана» алаңының маңында аяқталады. Сөреде әуесқойларға арнайы нөмірлер таратылады, осылайша олар лотореяға қатысуға мүмкіндік алады.

Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады, ал бағы жанған қатысушы басты сыйлық велосипедтің иесі атанады.

Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасыаясында 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің бесіншісі болып табылады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал