01.09.2018, 18:03 9447 Керемет камбэк! Су добынан Қазақстан ерлер командасы Азиада чемпионы атанды

Су добынан Қазақстан ерлер командасы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жапония құрамасымен өткен аса тартысты кездесуде қазақстандықтар 8:7 есебімен жеңіске жетті. 

Біздің команда сапынан Михаил Рудай мен Евгений Медведев мергендігімен танылды. Олар тиісінше үш және екі доптан соққан.

Ватерполшылар Қазақстан қоржынына Азиаданың 15-ші алтынын салып отыр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал