11.07.2018, 12:46 773 ҚФФ Еурокубок қатысушыларын қолдайды

Қазақстан футбол федерациясының қызметкерлері Астананың 20 жылдығы мен қазақстандық клубтардың еурокубок маусымына қатысуының басталуына арналған президенттік сынаққа қатысады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап. 

Спорттық шара 11 шілде күні Астана уақытымен 15:00-де елорданың Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионында өтеді. 

Шарада Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин, Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасыныі бас бапкері Станимир Стоилов, Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов және т.б. жүгіреді. Жалпы ұзындығы - 2,5 шақырым. 

Еурокубоктың жаңа маусымында «Астана» футбол клубы Чемпиондар Лигасына қатысады. Ал, Еуропа Лигасында алматылық «Қайрат», павлодарлық «Ертіс» және қостанайлық «Тобыл» сынға түседі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал