07.05.2018, 15:37 494 «Халық барысы» турниріне соңғы дайындық жүріп жатыр

Алматыда Сұңқар халықаралық шаңғы трамплині кешенінде «Халық барысы» турнирінің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазір аталған кешенде салтанатты шараға қызу дайындық жүріп жатыр. Ашылу салтанатында отандық эстрада жұлдыздары «МузАртLIFE», Қайрат Нұртас, «Өркен», Маржан Арапбаева, «Бозторғай» балалар қоры, Ұшқын Жамалбек, Нұрболат Абдуллин, Әбдіжаппар Әлқожа, Мәдина Сәдуақасова, ҚР ҰҚК шекара училищесінің курсанттары өнер көрсетеді.
Кеш барысында шаршы топ алдында айқасқа түсетін палуандар шеруі болады. Республикалық масштабтағы мұндай турнир Қазақстанда бірінші рет өткізіліп отыр.
Өңірлерден келген 1 мыңға жуық палуан бас жүлде 10 млн теңге үшін бақ сынасатын болады. Екінші орынға табан тіреген спортшыға - 5 млн теңге, үшінші және төртінші орындарға 3 және 2 млн теңге берілетін болады.
Белдесу - ұлттық спорт ойындарының ең көне түрлерінің бірі. Күрестің бұл түрі Олимпиадалық емес спорт түрі ретінде әлемдік желіге тіркелген, ЮНЕСКО тарапынан қолдауға ие.
«Сайысқа кез-келген 18-50 жас аралығындағы кез-келген ер адам қатыса алады. Салмақ тұрғысынан шектеу жоқ. Сайыс алдында барлық қатысушылар медициналық бақылаудан өтіп, сақтандыру құжаттарын толтырады. Палуандар аумағы 5*5 метр болатын болатын алаңқайда белдеседі. Бір уақытта алаңда 16 жұп күресе алады», - деді сайыстың бас төрешісі, «Қазақ күресі» федерациясының бас хатшысы Бақдәулет Сәбитов.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал