20.09.2018, 10:00 1628 Халықаралық дзюдо федерациясы жас дзюдошылардың жаттығу лагерін өткізді

Биылғы жылдың 19-25 тамызы аралығында Тунисте Жасөспірімдер Олимпиадасына жолдама алған жас дзюдошылардың жаттығу лагері өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұндай бастаманы Халықаралық дзюдо федерациясы Олимпиадалық ынтымақтастық қозғалысымен бірлесе отырып қолға алған болатын. 

Аталған жиында бес құрлықтағы 31 мемлекеттен 62 жас дзюдошы бас қосты. 

Қазақстан тарапынан Халықаралық дзюдо федерациясының шақыртуын алған ҚР жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Ғайнулла Есенғалиев, Сәдуақас Бекарыс (-100 келі) және Маргарита Гриценко (-78) қатысты. 

Жаттығу жиынына әйгілі Олимпиада чемпиондары Илиас Илиадис (Грекия) пен Марк Хейзинга (Нидерланд) келіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Еске сала кетейік, ІІІ жазғы Жасөспірімдер Олимпиадасы 06-18 қазан күндері Буэнос-Айрес қаласында өтеді. Олимпиада ойындарында ел намысын ауыр салмақтағы Сәдуақас Бекарыс пен 78 келіге дейін сынға түсетін Маргарита Гриценко қорғайды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал