18.06.2018, 11:32 888 ХОК спортшылар Хартиясын дайындау үшін атлеттерді атсалысуға шақырды

Халықаралық Олимпиада комитеті спортшылардың міндеттері мен құқықтары туралы Хартияның дайындалып жатқанын хабарлайды. Бұл бастаманы барлық Олимпиадалық, паралимпикадық және олимпиадалық емес спорт түрлерінің атынан ХОК Комиссиясы реттейді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» CAA тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Құжатты спортшылар дайындайды және ол спортшыларға арналған. Алдағы уақытта олардың құқығы мен міндеттерін қорғау басты назарға алынады. Сол себепті, ХОК әлемдегі барлық атлеттерді Хартияны дайындауға атсалысып, олар үшін қандай мәселенің маңызды екенін түсіндіруге кеңес береді.

"Бұл бастама спортшылардың өз спортына жеңіске жетуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олар өз дауыстарының ескерусіз қалмайтынына, спортты аяқтаған соң да елеусіз болмайтынына сенімді болуы керек", - дейді велоспорттан әлем чемпионы және ХОК спортшылары Комиссиясының мүшесі Сара Уолкер.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал