11.05.2018, 14:58 146 Холифилд. Баффер. Snoop Dogg. Астанадағы Шүменовтің кездесуіне тағы кім келеді

7-ші шілде күні Астанада өтетін қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтің жекпе-жегінің қосымша ақпараттары шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

«Әлемнің кез келген түкпірінде жоғары деңгейде өнер көрсете алатын қазақстандық боксшылардың қатары аз емес екенін білемін. Десе де, оларға алдымен тегін танытып алу қажет.

Астанада өтетін жекпе-жекке тек жеңіс үшін ғана шықпаймын. Менің мұратым – жас спортшыларымызға кәсіпқой боксқа баратын айқын жол салғым келеді», - деді Шүменов өзінің ресми таныстырылым кешінде.

Презентацияда айтылғандай, аламан кештің жүргізушісі болып әйгілі ринг-анонсшы Майкл Баффер бекітілді.

Сондай-ақ, іс-шараға кәсіпқой бокстан әлемнің бұрынғы және қазіргі чемпиондары Роберто Дюран, Эвандер Холифилд, Хуан Мануэль Маркес, Дэвид Хэй және Хорхе Линарес қатысады.  

Ал, Snoop Dogg, 50 Cent, Тимати және Қайрат Нұртас кешті әсем әнмен әсерлейтін болады.

Өту орны: «Барыс Арена» мұз айдыны сарайы.

Бокс кеші Астананың 20 жылдығына тарту етіледі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал