16.07.2018, 16:33 525 Хорватиялық футболшы барлық ауылдастарының несиесін жауып берді

Футболдан Хорватия ұлттық құрамасының мүшесі Анте Ребич басында несиесі бар ауылдастарының барлық қарызын өтеп берді. Бұл туралы vijesti.rtl.hr сайтына сілтеме жасап Еurosport хабарлайды.

Жартылай қорғаушы Анте Ребич туып-өскен ауылда қазір 500-ге тарта адам тұрады.

«Ребич Сплит маңындағы елді мекенде туып-өсті. 19 жасында Италияның «Фиорентина» клубына кеткен болса да, тамыр жайған топырағын ұмытпады. Кішігірім ауылдың басында несиесі бар барлық тұрғындарының қарызын төлеп берді», - деп жазады Vijesti басылымы.

Айта кетейік, Ребич Хорватия сапында Ресейде өткен 2018 жылғы Әлем чемпионатының 6 кездесуіне қатысып, Аргентина қақпасына бір гол соқты. Кеше, 15 шілдеде Хорватия құрамасы Франциямен финалдық ойында кездесіп, мундиальдың күміс жүлдесін иеленді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал