10.05.2018, 17:17 860 Киберфутболдан турнир басталды

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен жанкүйерлер арасында киберфутболдан турнир басталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан футбол федерациясы мен халықаралық «Е-SPORTS-KZ» бірлестігі «Қазақстан жанкүйерлерінің киберфутбол лигасын» жобасының ашылғанын жариялайды.

Жаңа лиганың алғашқы турнирі 10 мамыр мен 12 маусым аралығында өтеді.

Бұл бастаманы Қазақстан Премьер-лигасының клубтары да қолдады.

Шараның ресми демеушісі – «Volkswagen» компаниясы.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал