02.07.2018, 15:45 872 Киберспорт Қазақстанның қай қалаларында жақсы дамыған

Қазақстан киберспорт федерациясының бас хатшысы аталған спорт түрінің елімізде қай өңірлерде жақсы дамығандығын айтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Киберспорт федерациясының бас хатшысы Әлібек Аханов Olympic.kz-ке берген сұхбатында осы жайлы да айтып қалды.

«Киберспорттың дамуы, әрине, жалпы экономикалық-әлеуметтік дамуы жоғары аймақтарға ғана тән. Өйткені киберспортмен шұғылдану үшін өте күшті компьютерлер қажет, интернет желісінің жылдамдығы өте жоғары болуы керек. Сондықтан, бүгінгі таңда киберспорт тек Алматы, Астана және өзге ірі қалаларда ғана дамып жатыр. Федерация бұл жағдайды өзгертіп, барлық өңірлерге тең мүмкіндк береді деген үміттеміз. Болашақта ауылдан шыққан жастардың дүниежүзілік ареналарға шығуын күтеміз», - дейді ол.

Айта кетейік, спорттың бұл түрі алдағы Азия ойындарына көрсетілім ретінде енген болатын. Бүкіл әлемнің назарын аударған киберспорт Қазақстанда да ресми түрде танылды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал