12.07.2018, 12:55 859 Клубтар арасындағы Азия чемпионаты: Бірінші күннің қорытындысы шықты

Өскеменде волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде үш команда өзара жеңімпазды анықтады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Күндізгі сессияда Вьетнам волейболшылары Шри-Ланканы 3:0 есебімен жеңді.

Түскі сессияда өткен жылы чемпиондық атаққа ие болған Таиланд қыздары Қытайды 3:0 есебімен ойсырата ұтты.

Кешкі бағдарлама аясында жарыс жолына шыққан қазақстандық команда Ираннан келген команданы 3:0 есебімен жеңіп кетті.

Еске сала кетейік, клубтар арасындағы Азия чемпионатына 9 команда қатысып жатыр. Қазақстан намысын биыл ел біріншілігінде чемпион атанған "Алтай" волейбол командасы қорғауда.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал