06.03.2018, 16:23 1193 Коби Брайанттың анимациялық фильмі «Оскар» сыйлығын жеңіп алды

Ұлттық баскетбол ассоциациясының 5 дүркін чемпионы Коби Брайант продюсерлік еткен «Қымбатты баскетбол» (Dear Basketball) мультфильмі «Оскар» премиясының «Ең үздік анимациялық қысқаметражды фильм» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.  

Көркем картинаның жарыққа шығаруына атақты суретші Глен Кин үлкес қосты. Ол бұған дейін «Су перісі», «Сұлу мен құбыжық» мультфильдерінде жұмыс жасаған. Ал, фильмнің композиторы – Джон Уильямс. Коби болса, кадр сыртындағы мәтінді оқыды.

Айта кетейік, Брайант 20 маусым бойы «Лос-Анджелес Лейкерс» командасында ойнады. АҚШ құрамасының сапында 2008 және 2012 жылы Олимпиада ойындарында топ жарды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал