08.04.2018, 8:45 854 Көкшетауда велосипедшілердің киім үлгілері таныстырылды

Көкшетауда Астана қаласының 20 жылдығына орай велосипед спортынан Ақмола облысының ашық чемпионаты өтті.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жарысқа өңірдегі ең үздік деген велошабандоздар қатысты.
Осы ретте, облыс әкімінің орынбасары Василий Крылов пен велоспорт спортына демеушілік танытып жүрген азаматтар Көкшетау қаласындағы олимпиадалық резервтер даярлайтын облыстық мамандандырылған №7 балалар мен жасөспірімдердің мектеп-интернатының тəрбиленушілеріне 10 спорттық велосипед, 70 дана киім үлгілері жəне өзге де спорттық құрал-жабдықтарды сыйға тартты.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал