01.05.2018, 20:11 1071 Көктемгі Қазақстан чемпионаты аяқталды

Шымкентте өткен көктемгі Қазақстан чемпионатында лақтыру сайысында үздіктер анықталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» тілшісі ҚР жеңіл атлетика федерациясына сілтемес жасап.

Шыны керек, оңтүстікке бұл сайыс түрлеріне қатысушылар көп келген жоқ. Тек ядро серпуден ерлер мен әйелдер арасында 5 атлет болды. Ал балға лақтырудан әйелдер арасындағы секторға қарағандылық Екатерина Нестерова ғана шықты. 21 жастағы спортшының ең үздік көрсеткіші –39,03 метр. Сондай-ақ Нестерова ядро серпуден де жеңіске жетті. Бірақ былтырғы нәтижесінен төмен. 2017 жылы қарағандылық спортшы 13,69 метрге лақтырса, биыл 12,66 метрмен шектелді.

 

Диск лақтырудан тағы бір Қарағандыдан келген 22 жастағы Сабина Потапованың мерейі үстем болды.

 

Көктемгі Қазақстан чемпионаты, 1-күн.Ядро серпу. Әйелдер:

 

1. Екатерина Нестерова (Қарағанды облысы) – 12,66 м

 

2. Сабина Потапова (Қарағанды облысы) – 12,40 м

 

3. Валентина Потапова (Қарағанды облысы) – 11,53 м

 

Диск лақтыру. Әйелдер:

 

1. Сабина Потапова (Қарағанды облысы) – 37,40 м

 

2. Надежда Лачугина (Алматы) – 37,40 м

 

3. Дидар Алмас (Астана) – 30,01 м

 

Балға лақтыру. Әйелдер:

 

1.Екатерина Нестерова (Қарағанды облысы) – 39,03 м

 

Ерлердің де нәтижелері жоғары болған жоқ. Ядро серпуден ұлттық құрама Иван Иванов қатыспағандықтан, 20 жастағы Руслан Мұратбай бірінші орын алды. Ол қысқы чемпионатта U-23 жасқа дейінгілер арасында чемпион атанған. Диск лақтырудан 22 жастағы Солтүстік Қазақстан облысынан келген Никита Воробьев (45,77 м) екінші орындағы Кирилл Балацкийден 10 метрге озып кетті.Балға лақтырудан 21 жастағы шығыстың спортшысы Алексей Владимировтың бағы жанды.

 

Көктемгі Қазақстан чемпионаты, 1-күн.Ядро серпу, ерлер:

 

1. Руслан Мұратбай (Қызылорда облысы) – 13,68 м

 

2. Фархад Қыстаубаев (СҚО) – 10,66 м

 

3. Фарух Сабыржанов (ОҚО) – 10,38 м

 

Диск лақтыру. Ерлер:

 

1. Никита Воробьев (СҚО) – 45,77 м

 

2. Кирилл Балацкий (ОҚО) – 35,90 м

 

3. Евгений Прядкин (Қарағанды облысы) – 33,42 м

 

Балға лақтыру. Ерлер:

 

1. Алексей Владимиров (ШҚО) – 47,95 м

 

2. Руслан Омаров (ОҚО) – 41,60 м

 

3. Кирилл Балацкий (ОҚО) – 34,96 м.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал