27.03.2018, 20:45 6087 Колядинге 3 бөлмелі пәтер мен автокөлік кілті тапсырылды

Қостанайдағы «Мирас» мәдениет үйінде Пхенчханда өткен Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Александр Колядинге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәуелсіз ел тарихындағы тұңғыш Паралимпиада чемпионына Қостанайдағы 3 бөлмелі пәтердің сертификаты, 1 млн теңге және жергілікті зауыттан шыққан Jac маркалы автокөліктің кілті тапсырылды. Бұған қоса оның алғашқы бапкері Николай Степин де сыйлықсыз қалмады. Оған 500 мың теңгенің сертификаты табысталды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің құттықтау сөзінде, жерлесіміздің жеңісі оңай келмегенін айтты.

«Шаңғыдан ҚР ұлттық құрамасының мүшесі Александр сонау 1997 жылы көлік апатына түсіп, спортқа қайта оралды. Бұл бір жағынан ерлікке татиды. Мұндай жағдайда көбі моральдық тұрғыдан алғанда әлсіз қалады. Бірақ, жерлесіміз күш-жігерінің арқасында бізге осындай құнды жеңісті сыйлады. Александр алдыңғы Паралимпиада да «алтын» алуы мүмкін еді. Алайда оған небәрі 10 секунд жетпей қалды. Ол биыл ақыры өз дегеніне жетті», - деді өңір басшысы.

Еске салсақ, бүгін Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев, қала әкімі Базыл Жақыпов және Сарыкөл ауданының әкімі Эльдар Күзенбаев тұңғыш Паралимпиада чемпионын әуежайда қарсы алды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал