17.09.2018, 12:32 1607 Конфедерация Кубогында Астана мен Маңғыстау жартылай финалға жолдама алды

Конфедерация Кубогында Астана мен Маңғыстау жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Қазақстандық бокс федерациясына сілтеме жасап.

Айта кеткейік, осыдан бірер уақыт бұрын ширек финалдық ойындарда Қарағанды мен Шымкент үздік шыққан болатын.

Биылға Қазақстанның бокс күнтізбесінде әлі талай турнирлер тұр. Ел біріншілігі, Конфедерация Кубогының жартылай финалы мен финалы, Ғалым Жарылғапов атындағы халықаралық турнир және басқа да жарыстардың өтуі көзделген. Ел ішінде аса танымал болып келе жатқан Конфедерация Кубогы аясындағы жарысының ширек финалдық кездесулері өз мәресіне жетті. Енді Астана, Маңғыстау, Қарағанды мен Шымкент жартылай финалда кездеседі. Ақтық бәсекелер Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді деп жоспарланған.

Астана командасының сапында Дархан Жұмсақбаев, Василий Левит, Нұрбол Сермаханов сынды мықты спортшыларымыз бар. Маңғыстау құрамында да Санатәлі Толтаев, Нұрбол Қалжанов, Ерік Әлжанов, Айболды Дәуренұлы сынды саңлақтарымыз жүр.

Конфедерация Кубогы 2016 жылдан бастап 6 спорт түрінен өтіп тұрады. Олар – грек-рим күресі, еркін күрес, жудо, қазақ күресі, тхэквандо және бокс. Әр спорт түрі бойынша жеңіп шыққан өңірлік құрамалар 25 миллион теңгені еншілейді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал