29.03.2018, 15:42 867 Конькимен жүгіруден ел чемпионаты басталды

Қазақстан конькишілері бүгін Астанада бас қосып, ел чемпиондарын анықтауға кірісті, деп хабарлайды "SPORTINFORM" САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Маусымның қорытынды жарысына 8 өңірден 130-ға жуық спортшы жиналды. Олардың арасында Оңтүстік Кореядағы Олимпиадаға қатысқан қыз-жігіттер де бар. Жарыстың алғашқы күні 4 қашықтық бойынша сайыстар өтті. Әйелдер 500 және 3000 метрге жарысса, жігіттер 500 және 5000 метрде бақтарын сынады. Жарыстың жалпы қорытындысы ертең белгілі болады. Чемпионат аяқталғаннан кейін арнайы отырыста отандық коньки спорты талқыға түседі. Салаға жауапты мамандар конькишілердің соңғы нәтижелері көңілден шықпайды дейді.

Елсияр Қанағатов, ҚР ҰОК спорт дирекциясының жетекшісі:

– Ақырғы Олимпиада ойындарында біздің конькишілер жақсы нәтиже көрсетті деп айта алмаймыз. Сондықтан осы чемпионат біткеннен кейін жаттықтырушылар кеңесі болады. Федерация отырысы болады. Сол кезде осы коньки спортының дамуына ары қарай не жасау керек деген ұсынысты ҰОК береді.

Қазақстан конькишілері бүгін Астанада бас қосып, ел чемпиондарын анықтауға кірісті. Маусымның қорытынды жарысына 8 өңірден 130-ға жуық спортшы жиналды. Олардың арасында Оңтүстік Кореядағы Олимпиадаға қатысқан қыз-жігіттер де бар. Жарыстың алғашқы күні 4 қашықтық бойынша сайыстар өтті. Әйелдер 500 және 3000 метрге жарысса, жігіттер 500 және 5000 метрде бақтарын сынады. Жарыстың жалпы қорытындысы ертең белгілі болады. Чемпионат аяқталғаннан кейін арнайы отырыста отандық коньки спорты талқыға түседі. Салаға жауапты мамандар конькишілердің соңғы нәтижелері көңілден шықпайды дейді. Елсияр Қанағатов, ҚР ҰОК спорт дирекциясының жетекшісі: – Ақырғы Олимпиада ойындарында біздің конькишілер жақсы нәтиже көрсетті деп айта алмаймыз. Сондықтан осы чемпионат біткеннен кейін жаттықтырушылар кеңесі болады. Федерация отырысы болады. Сол кезде осы коньки спортының дамуына ары қарай не жасау керек деген ұсынысты ҰОК береді.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/230043-astanada-konkimen-zh-giruden-el-chempionaty-bastaldy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал