13.02.2018, 20:45 90 Конькишілер 1500 метрге жүгіруден жүлде ала алмады

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан XXIII қысқы Олимпиада ойындарында коньки спортынан сынға түскен екі спортшымыз да 1500 метрге жүгіруден жарысты жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Федор Мезенцев бұл қашықтыққа жарыстан 28-ші орында келсе, тағы бір конькишіміз Денис Кузин 30-шы орынды місе тұтты. Бұл додада бас жүлде мен екінші орындарды голландиялық Кьелд Нейс өзара бөліссе, үздік үштікті кореялық Ким Мин-Сок қанжығасына байлады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал

Пікірлер (0)