17.07.2018, 12:49 782 «Korea open 2018» турниріне қатысатын 10 таеквондошының есімі анықталды

Кореядағы ең ірі Чеджудо – Чеджу аралында шілденің 18-24 аралығында таеквондодан G2 санатындағы "Korea open 2018" халықаралық турнирі өтеді. Аталған сынға қатысатын Қазақстан құрамасының мүшелері белгілі болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Таеквондоның отанында бұл турнир жоғары дәрежеде өткізіледі. Кореяға өз мықтылығын дәлелдеу үшін әлемнің әр түкпірінен спортшылар ағылады. Қатысушыларды тіркеу ресми түрде басталды, бүгінде 2000-ға жуық адам турнирге қатысу үшін өтінім берген. 

Айта кету керек, аталған турнирге қатысатын кореялық спортшылардың қарасы көп болмақ. Бұл жарыс қатысушыларына үлкен сынақ болары сөзсіз. 

Ал Ю Енг Джин жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Спортшылардың физикалық жағдайы мен жекелеген дайындығына қарап, бас бапкер Кореяға баратын құрамды анықтады. 

Ерлер:

Елдос Ысқақ (58 келі)

Қазбек Бақтиярұлы (63 келі)

Ерасыл Қайырбек (68 келі)

Нұрлан Мырзабаев (80 келі)

Руслан Жапаров (+80 келі)

Қыздар:

Айнұр Есбергенова (49 келі)

Фариза Алдонғарова (53 келі)

Маржан Төлепбергенова (57 келі)

Ақсәуле Ерқасымова (68 келі)

Дениз Джансель (+ 67 келі)

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал