07.09.2018, 12:00 908 Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді. Дүбірлі дода 10-16 қыркүйекке жоспарланған, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері Әлия Юсупова ел намысын қорғайтын спортшылардың есімін атады.

Жекелей сында кеше ғана Азия ойындарында топ жарған Алина Әділханова, Адиля Тілекенова және Даяна Әбдірбекова өнер көрсетеді.

Топтық жаттығуда Будник Джессика, Жанерке Дәулетқұлова,  Жакупова Даяна, Сұлтановна Регина, Талғатбек Анель және Рустамқызы Айза сынға түседі. 

Еске сала кетейік, қазақстандық Алина Әділханова Азия ойындарында жекелей сында чемпион атанды.

Сондай-ақ, Адиля Тілекенова және Даяна Әбдірбековамен бірлесіп, топтық жаттығуда да үздік шықты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал