27.03.2018, 9:16 811 Көркем гимнастикадан қала біріншілігі өтеді

 

Наурыздың 28-30 күндері аралығында «Темір Дос» спорт кешенінде көркем гимнастикадан ашық Алматы чемпионатының  жалауы  желбірейді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеп.

Аталмыш бәсекеде 2002-2009 жылдары туылған спортшы қыздар жеке әрі топтағы бағдарлама бойынша өнер көрсетеді.

Қала біріншілігінің басты мақсаты Алматыда көркем гимнастиканы дамыту, гимнастшылардың шеберліктерін арттыру, жастар арасында осы спорт түрін таныту және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль және дипломдармен марапатталады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал