12.04.2018, 6:36 932 Қос қазақстандық халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды

Таиландтың Сатун қаласында жағажай волейболдан Әлемдік лигасының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық жұп Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жарыс қорытындысы бойынша екінші орын алды. Финалда отандастарымыз америкалық Кэйтлин Лидо мен Эмили Стокман жұбынан жеңіліп қалды.

Жағажай волейболдан Әлемдік лигасының кезеңі, Сатун, Таиланд

D тобы

Машкова/Цимбалова (Қазақстан) – Нагата/Кумада (Жапония) – 2:1 (21:19, 21:23, 15:7)

Машкова/Цимбалова (Қазақстан) – Намвонг/Хонгпак (Таиланд) – 2:1 (18:21, 21:11, 15:4)

1/4 финал

Машкова/Цимбалова (Қазақстан) – Поллок/Дауди (АҚШ) – 2:0 (21:18, 21:17)

1/2 финал

Машкова/Цимбалова (Қазақстан) – Намвонг/Хонгпак (Таиланд) - 2:1 (19:21, 21:18, 17:15)

Финал

Машкова/Цимбалова (Қазақстан) – Стокман/Лидо (АҚШ) – 1:2 (21:19, 16:21, 8:15)

Фото: fivb.com
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал