08.06.2018, 0:03 759 Кособуцкийдің қарсыласы анықталды

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (5-0, 5 КО) кәсіби рингтегі алтыншы кездесуін ағымдағы жылдың 17-ші маусымында өткізеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі. 

Жекпе-жек Украина астанасы Киев қаласында өтеді. Ол WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасатын украиндық Артём Далакян мен тайландтық Сиричаи Тайеннің андеркатында айқасатын болады.

Қазақстандық боксшы алдағы кездесуде грузиндік Ираклий Гвенетадземен (10-7, 9КО) жұдырықтасады. 

Еске салайық, Жан Кособуцкий 25 мамырда Минскіде өткен соңғы жекпе-жегінде екінші раундта техникалық нокаутпен грузиндік былғары қолғап шебері Гогита Горгиладзені жеңген еді. 

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал