27.09.2018, 10:36 944 Қостанайда бадминтоннан жастар арасындағы ел біріншілігі басталды

Қостанайда бадминтоннан 1997 жылы туылған жастар арасында Қазақстан біріншілігі өтуде, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

30 қыркүйекке дейін созылатын ел чемпионатына 8 команда қатысуда. 

Қазақстан біріншілігінде Алматы мен Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола облысы, Түркістан облысы, БҚО, Қостанай және Қарағанды облысынан 80-ге жуық спортшы бақ сынайды. 

Жарысқа қатысушылар арасында Буэнос-Айрестегі Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын Дмитрий Панарин де бар.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал