03.05.2018, 11:37 936 Көз арбасты. Головкин vs Мартиросян: соңғы баспасөз мәслихаты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық былғары қолғап шебері Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) жекпе-жек алдында көз арбасу рәсіміне қатысты.
Кездесу 5 мамыр күні Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді. 1XBET букмекерік кеңсесі бұл жекпе-жекке мынандай коэффициенттер беріп отыр: Головкиннің жеңісіне - 1.03, Мартиросянның жеңісіне - 20, тең түсуіне - 59.
Бұған дейін Мартиросян бұл кездесуде бүкіл әлемді таңғалдыратынын айтып, сөз берген еді. Сондай-ақ, Головкиннің бұған дейінгі қарсыластарының барлығы одан рингке шықпай тұрып жеңіліп қалып келгенін айтып, бұл тұрғыда ол өзі қазірдің өзінде «жеңіске жеткенін» жеткізген болатын.
Головкин болса, қарсыласына әдеттегідей құрмет көрсетіп, бұл ауыр сын болғалы тұрғанын айтқан. Тіпті, оны «қауіпті боксшы» деп бағалаған.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал