15.03.2018, 13:11 762 Кукушкин АҚШ-тағы турнирде Дональдсонмен кездеседі

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин (АТР рейтингінде 89-шы) Ирвингтегі Челленджердің екінші айналымында жергілікті теннисшімен кездеседі, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Біздің жерлесіміз американдық Джаред Дональдсонмен (48) ұшырасады. Бұл қос теннисші арасындағы екінші кездесу болады. Осыдан бір жыл бұрын Деллрэй-Бичте Кукушкин Дональдсоннан үш сетте де есе жіберіп, оңбай жеңілген еді.

Ирвингтегі турнирдің 1/16 финалында қазақстандық теннисші Остин Крайчекты 6:7 (3:7), 6:4, 7:5 есебімен ұтқан болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал