16.03.2018, 11:10 895 Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің 1/4 финалына жолдама алды

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин (АТР рейтингінде 89-шы) Ирвингтегі Челленджердің 1/4 финалына шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Біздің жерлесіміз екінші айналымда американдық Джаред Дональдсонды (48) тізе бүктірген еді. Бұл қос теннисші арасындағы екінші кездесу болып жазылды. Осыдан бір жыл бұрын Деллрэй-Бичте Кукушкин Дональдсоннан үш сетте де есе жіберіп, оңбай жеңілген еді. Енді олар теңесті. Есеп – 1:1.

Ертең Кукушкин жартылай финалдың жолдамасы үшін тағы бір американдық Бьорн Фратанджелломен (112) кездеседі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал