29.10.2018, 11:41 8514 Кукушкин әлемдік рейтингте үздік елулікке жақындады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин әлемдік рейтингте 71-інші сатыдан 54-інші орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М.Кукушкин бұл көрсеткішке жексенбі күні мәреге жеткен Вена турнирінде табысты өнер көрсетуі нәтижесінде қол жеткізді.

Әйелдер арасындағы рейтингте Юлия Путинцева бұрынғыша 45-інші, Зарина Дияс 90-ыншы орында келеді.

Михаил Кукушкин осы аптада тағы бір ірі турнирге қатысады. Жүлде қоры 5 млн АҚШ долларына жуықтайтын Париж турнирінің алғашқы айналымында қазақстандық спортшы әлемнің 57-інші ракеткасы, франциялық Пьер-Юг Эрбермен кездеседі.

Еске сала кетейік, М.Кукушкиннің бұдан бұрын Вена турнирінің финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал