19.02.2018, 23:20 985 Кукушкин әлемнің 29-шы ракеткасына жол берді

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (ATP рейтингінде 89-шы орында) Марсель қаласында өтіп жатқан турнирдың 1/16 финалында сүрінді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Франциядағы турнирде өзін көрсете алмады. Ол аталған жарыстың алғашқы айналымында Босния және Герцеговина елінің өкілі, әлемнің 29-шы ракеткасы Дамир Джумхурмен күш сынасты.

Кездесу 2 сағат, 58 минутқа дейін созылды.

Кукушкин алғашқы сетті тай-брейкке дейін созып, 7:6 (8:6) есебімен жеңіске жетсе, екінші партияда 7:6 (7:3) есебімен қарсыласына жол берді. Шешуші кезеңде Дамир еш қиналмастан жерлесімізді 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Айта кетейік, Делрэй Бич (Флорида, АҚШ) жарысының негізгі турниріне өткен тағы бір қазақстандық теннисші Александр Бублик алғашқы айналымда хорватиялық Франко Скугормен шеберлік байқасады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал