14.05.2018, 12:45 668 Кукушкин ATP рейтингінде бес саты жоғарылады

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингінің жаңа нұсқасы жарияланды.
Тізімнің басында швейцариялық Роджер Федерер тұр, ол Испания теннисшісі Рафаэль Надальды екінші орынға ығыстырды. Үздік үштікті германиялық Александр Зверев түгендеді.
Қазақстанның ТОП-100 қатарына ілінген жалғыз өкілі Михаил Кукушкин 96-орыннан 91-орынға көтерілді. Үздіктер жүздігіне ең жақын отандасымыз Александр Бублик (141-орын) те екі сатыға жоғарылаған.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал