30.07.2018, 12:43 937 Кукушкин ATP рейтингіндегі орнын сақтап қалды

АТР рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Алғашқы үштік еш өзгеріссіз қалды: Рафаэль Надаль (Испания) әлі де көш бастап тұр, оның артынан Роджер Федерер (Швейцария) мен Александр Зверев (Германия) өкше басып келеді.

Тізімде үздік 100 теннисшінің қатарынан табылған жалғыз қазақстандық Михаил Кукушкин 87-ші орнын сақтап қалды. Ал, Александр Бублик болса төрт позиция төмен сырғып, 169-шы сатыға жайғасты.   

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал