11.06.2018, 10:12 800 Кукушкин АТР рейтингінде үш сатыға төмен сырғыды

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңа рейтингі шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Тізімде испандық теннисші Рафаэль Надаль көш бастап келеді, екінші орынға швейцариялық спортшы Роджер Федерер жайғасты. Үздік үштікті Германия елінің өкілі Александр Зверев қорытындылап тұр.

Қазақстандық Михаил Кукушкин таблода үш сатыға төмен сырғып, 86-шы орынға бір-ақ түсті.

Айта кетейік, біз бұған дейін жерлесіміз Юлия Путинцеваның жаңғырған рейтингте бірден 42 позицияға көтерілгенін хабарлаған едік.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал