04.06.2018, 21:30 813 Кукушкин Чехиядағы турнирда қарсыласын бір сағат ішінде жеңіп шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 83-інші ракеткасы Михаил Кукушкин Чехияның Простеев қаласында өтіп жатқан Челленджер турнирін жеңіспен бастады.

Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингте 226-ыншы орында тұрған франциялық Антуан Оанды 6:1, 6:3 есебімен оңай жеңді. Бәсеке 1 сағат 3 минутқа созылды.

Осы турнирдің 7-інші ракеткасы болып тіркелген М.Кукушкин ширек финалға шығу үшін рейтингте 101-інші сатыда тұрған сербиялық Ласло Дьере немесе аргентиналық Ренцо Оливоның (219-ракетка) біреуімен шеберлік байқасады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал