24.05.2018, 21:42 720 Кукушкин Лиондағы турнирден шет қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 91-інші ракеткасы Михаил Кукушкин Лион турнирінің ширек финалында франциялық Жиль Симонмен кездесті.
Қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингте 75-інші орында тұрған Ж.Симонды бірінші партияда 6:4 есебімен ұтты. Бірақ келесі сетте дәл сондай есеппен есе жіберді. Шешуші, үшінші партияда Ж.Симон тай-брейкте 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. Тартысты кездесу 2 сағат 39 минутқа созылды.
Ж.Симон финалға шығу үшін әлемнің 10-ыншы ракеткасы, америкалық Джон Иснерді жеңген британдық Кэмерон Норримен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Страсбург турнирінің жартылай финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал