23.04.2018, 13:47 705 Кукушкин мен Дияс халықаралық жарыста өнер көрсетеді

 

«SPORTINFORM» САА тілшісі  қазақстандық теннисшілердің халықаралық жарыстардағы күнтізбесін тізді.

Барселонада жүлде қоры 3 миллион долларды құрайтын ATP-500 категориясындағы турнирде Михаил Кукушкин (рейтингте 95-ші орында) өнер көрсетеді. Жарыстың 1/32 финалында ол испандық Марсель Гранольерспен (129) кездеседі. Қос теннисші бұған дейін бір рет кездескен, матч испандықтың пайдасына шешілген.

Штутгартта өтіп жатқан WTA турнирінің «Premier» категориясында Зарина Дияс (52) Эстониядан келген спортшы Кайя Канепимен (61) ұшырасады. Айта кету керек, жерлесіміз қатысып жатқан турнирдің жүлде қоры 800 000 долларды құрайды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал