30.04.2018, 21:36 756 Кукушкин Мюнхен турнирінде ұтылып қалды

Мюнхен турнирінің алғашқы айналымында Қазақстанның бірінші, әлемнің 96-ыншы ракеткасы Михаил Кукушкин германиялық Маттиас Бахингермен күш сынасты.
Дүниежүзілік рейтингте М.Бахингер 163-інші орында тұрғанымен, матч аса тартысты өрбіді. Бірінші партияда неміс теннисшісі тай-брейкте 10:8 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда қазақстандық спортшы қарсыласын 6:3 есебімен ұтты. Шешуші, үшінші партияда М.Бахингер дәл сондай есеппен қарымта қайырды. Сөйтіп 2 сағат 46 минутқа созылған матчта неміс спортшысы басымдылық танытты.
Енді ол екінші айналымда әлемнің 22-інші ракеткасы, оңтүстіккореялық Чхун Хенмен кездеседі.
Жүлде қоры 605525 АҚШ долларына бағаланған Мюнхен турнирі 6 мамырда мәреге жетеді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал