22.08.2018, 12:32 638 Куликов Қазақстан құрамасына 15-ші жүлдені сыйлады

Байдарка мен каноэ есуден Қазақстан командасының мүшесі Александр Куликов Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол ескек есудегі «слалом» бағдарламасы бойынша үшінші сатыдан көрінді. 

Жекелей сында өнер көрсеткен Куликов жапон және қытай спортшыларына ғана жол берген. 

Осылайша, Александр Куликов Қазақстан қоржынын  15-ші медальмен толтырды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал