24.10.2018, 11:35 9468 Күрестен әлем чемпионатында Ибрагимов жұбаныш белдесуінде жеңілді

Будапештте өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында еркін күрес бәсекесі аяқталып, кілемге қыздар шықты. Кешегі жарыс күнінде біздің спортшылар жүлдеге іліге алған жоқ, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

97 келіде белдескен Мәмед Ибрагимов жұбаныш сынында македониялық Магомедгаджи Нуровтан 2:5 есебімен ұтылды. Бұл салмақта ресейлік Абдулрашид Садулаев чемпион атанды. 

Еркін күрестен қорытынды есепте 4 алтынға қол жеткізген Ресей құрамасы көш бастады. Ал біздің еншімізде бір күміс. 57 келідегі Нұрислам Санаев әлемдік сынның күміс жүлдесін иеленген еді. 

Әйелдер күресінен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Екатерина Ларионова екінші айналымда канадалық спортшыдан 0:11 есебімен жеңіліс тапты. 

Олимпиаданың тағы бір жүлдегері Эльмира Сыздықова бүгін эстониялық Эпп Маеге қарсы жұбаныш белдесуін өткізеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал