25.10.2018, 11:05 5970 Күрестен әлем чемпионатында қазақстандық жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды

Будапештте күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. Өкінішке қарай, әйелдер күресінің өкілдері әзірге жүлдемен қуанта алар емес, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Кешегі жарыс күнінде қазақстандық балуан қыздар іріктеу айналымынан аса алмады. Тек 53 келідегі Жұлдыз Ешімова жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды. 

Жұлдыз 1/8 айналымда америкалық Сара Хильдебрандтан 1:5 есебімен ұтылған болатын. Қуанышқа қарай, АҚШ балуаны финалға жолдама алып, Ешімова тағы да жүлдеге таласып көрмек. 

Ешімованың жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы - әзірбайжандық Анжела Дороган.

Кеше кілемге шыққан Эльмира Сыздықова (76 келі) жұбаныш белдесуінде ұтылды. Ал Валентина Исламова (50 келі), Эмма Тисина (57 келі) және Аяулым Қасымова (62 келі) алғашқы айналымдарда қарсыластарына есе жіберді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал