24.09.2018, 10:59 1673 Күрестің үш түрінен өткен әлем чемпионаты мәресіне жетті

Словакияның Трнава қаласында жастар арасында әлем чемпионаты аяқталды. Күрестің үш түрінен өткен әлемдік жарыста еліміздің жас балуандары 1 күміс, 3 қола медальға ие болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі күрес федерациясына сілтеме жасап.

Әлем чемпионатының соңғы күні Қазақстан құрамасының қоржыны 1 күміс, 1 қола медальмен толықты. 61 келі салмақта өнер көрсеткен Талғат Сырбаз қола медальдің иегері атанса, 92 келіде ел намысын қорғаған Әлішер Ерғали финалда ирандық балуаннан ұтылып, күміс медальға ие болды.

Бұған дейін қыздар күресінде Марина Закшевская (50 кг) мен еркін күресте 97 келіде белдескен Серік Бахытханов елімізге қола медаль сыйлаған.

Өкінішке қарай, грек-рим күресінің жас балуандары бұл сыннан жүлдесіз қайтты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал