24.08.2018, 17:05 675 Құзға өрмелеуден Қазақстан спортшылары қандай нәтиже көрсетті

 

Азия ойындарында спорттық құзға өрмелеу жарысы жалғасуда, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Спорттың осы түрінен Қазақстан намысын Артем Девятериков, Ришат Хайбуллин, Әсел Марленова, Маргарита Агамбаева қорғап жатыр. 

Әсел Марленова жылдамдыққа жарысудан бірінші болса, боулдерингте 11-ші нәтиже көрсетті.  М. Агамбаева тиісінше 7-ші және 13-ші орындарды иеленген. 

Ришат Хабибуллин жылдамдыққа жарысудан  3-ші, болудерингте 13-ші орын алды. 

Девятериков жылдамдыққа жарысудан 12-ші, боулдерингтен 10-шы орында. 

Ертең көпсайыстың үшінші түрінен іріктеу кезеңі өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал