20.07.2018, 21:55 797 Кузнецова - Азия чемпионы

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Ирина Кузнецва чемпион атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР Күрес түрлері федерациясына сілтеме жасап.

Ирина финалға дейін екі белдесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Алдымен ширек финалда үндістандық Аншу Аншуды 3:2 есебімен ұтса, жартылай финалда қытайлық Циняцан Сунды таза жеңді. Белдесу барысында Ирина қытай қызынан 4:7 есебімен ұтылып жатқан болатын.

Бас жүлде үшін болған белдесуде отандасымыз жапониялық Рин Кондодан 4:1 есебімен айласын асырды.

Сондай-ақ, 57 келіде күрескен Жанерке Асанова мен 72 келідегі Гүлназ Жапарова Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанды. Жанерке қола жүлдені тайландтық балуанмен сарапқа салып, 8:2 есебімен ұтты. Гүлназ кореялық қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Азия чемпионатының қорытындысы бойынша қыздарымыз 1 алтын, 3 қола медальмен командалық есепте төртінші орынға ие болды. Үздік үштікке Жапония, Қытай және Үндістан қыздары кірді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал