11.03.2018, 0:05 749 Қырғызбаев Мароккодағы Гран-придің жеңімпазы атанды

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Марокконың Агадир қаласында өтіп жатқан Гран-при кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 60 келі салмақ дәрежесінде топ жарды. Ғұсман финалдық айқаста түркиялық Бекир Озлудан басым түсті.

66 келіде Ерлан Серікжанов ақтық кездесуде словениялық Адриан Гомбостан жеңіліп қалды. Осылайша, жерлесіміз күміс жүлдені қанағат тұтты. Дәл осы салмақ дәрежесінде Ерлан Жақсыбеков бесінші орын алды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал