13.04.2018, 14:31 916 Қытай боксшыларына қарсы айқасатын «арландарымыз» анықталды

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) топтық кезеңі барысында 14 сәуір күні «Қытай айдаһарларына» қарымта кездесу өткізетін «Астана арландарының» құрамы белгілі болды.

Ертең, яғни 14 сәуір күні «Қытай айдаһарларына» қарсы 52 келі салмақта Сәкен Бибосынов, 60 келі салмақта Әлімжан Бескемпір, 69 келі салмақта Асланбек Шымбергенов шаршы алаңға шығады. Ал 81 келіде Бек Нұрмағанбет ел намысын қорғаса аса ауыр салмақта Нұрсұлтан Аманжолов сынға түседі.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана арландары» «Қытай айдаһарларына» қарсы өткізген алғашқы жекпе-жегінде 5:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.
Алғашқы айқас Қытайдың Гуйянг қаласында өтсе, қарымта жекпе-жек Таразда өтеді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал