28.06.2018, 16:05 1013 Леффлер Головкиннің болашақ қарсыласын атады

Фото - Allboxing

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері (38-0-1, 34 КО) Том Леффлер серіктесінің болашақ қарсыласын атады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі

The Boxing Rundown қазақстандық боксшының промоутерінен сұхбат алды. Әңгіме барысында жүргізуші мексикалық боксшы Хильберто Рамирестің (37-0, 25 КО) алдағы сенбіде жекпе-жек өткізетіндігін атап өтіп, оны Головкинге болашақта қарсылас атанып қалуы мүмкін екендігін мәлімдеді.

- Иә, ол сөзсіз біздің болашақ қарсыласымыз, - деп жауап қайтты Леффлер.

Айта кетейік, Хильберто Рамирес 30-шы шілде күні Оклахома-Сити (АҚШ) қаласында Роамер Алексиспен  (23-0, 20 КО) кездеседі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал