17.08.2018, 12:25 566 Левит бокстан Қазақстан құрамасын Азиадаға шығарып салды

Бокстан Қазақстан құрама командасы мен әйелдер күресінің шеберлері Жазғы Азия ойындарына қатысу үшін Малайзияға ұшып кетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Спортшыларды дүбірлі додаға шығарып салу үшін туыстары мен жақын достары әуежайға жиналды.

Боксшыларды шығарып салуға Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит те келді. Левит Азия ойындарына қатыса алмайды. Себебі, ол сынға түсетін салмақ дәрежесін (91 келіге дейін) ұйымдастырушылар Азия ойындарының бағдарламасынан алып тастады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал