06.06.2018, 2:51 971 Левит ҚР Президенті Кубогында үндістандық боксшыны нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Василий Левит бокстан ҚР Президенті Кубогында бірінші жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Левит ҚР Президенті Кубогының 1/8 финалда үндістандық Санжит Санжитпен айқасты.

Екінші раундта қазақстандықтың сәтті шабуылынан кейін Санжит нокдаунға түссе де, жекпе-жекті жалғастырды. Кейін Василий қарсыласының басына қатты соққы беріп, оны нокаутқа жіберді. Василий Левит 8 маусымда ширек финалда қытайлық боксшы Ванг Жибаомен рингтке кездеседі.

Еске салайық, ҚР Президентінің Кубогы 5 маусымда Астанада басталып, 10 маусымға дейін жалғасады. Жыл сайынғы турнирге 15 елдің әуесқой боксшылары қатысады.

Сурет - Данияр Майлыбаев.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал