11.04.2018, 9:51 856 Левит пен Ниязымбетов Азия ойындарына қатыспайтын болды

2018 жылы Индонезияда өтетін Азия ойындарындағы салмақ дәрежелерінің қысқаруына байланысты ең мықты боксшылар үйде қалады, деп хабарлайды SPORTINFORM САА.
«Әйелдер арасындағы 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесін 57 келіге ауыстырып тастаған. Ерлер боксында 81, 91 және 91 келіден жоғары салмақ категориясы алынып тасталды»,-деп хабарлайды ҚБФ.
Осыған сәйкес, Қазақстан үміт артып отырған медаль алу әлеуеттері жоғары боксшылар Дариға Шәкімова, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит және аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарына қатыспайтын болды.
«Біз AIBA-ға неліктен бұл салмақ дәрежелерін алып тастағаны туралы сауал жолдадық, әзірге ешқандай жауап жоқ. Сәуірдің соңына дейін жауап күтеміз»,-дейді ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Болат Әбдірахманов.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал