11.06.2018, 11:44 813 Ломаченконың промоутері қазақстандық боксшыны қатарына қосты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы атақты промоутер Боб Арумның командасына қосылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі 

Бұл туралы боксшының PR менеджері Берік Сұлтан хабарлады.

«Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. Атақты Боб Арум енді Әлімханұлының промоутері!», - деп жазды ол желіде.

Еске салсақ, кәсіпқой бокста қазақстандық сайыпқыран екі кездесу өткізіп үлгерген еді. 2016 жылдың қазан айында ол колумбиялық Милтон Нуньесті (35-18-1, 31 КО) техникалық нокаутпен жеңсе, былтыр қыркүйек айында бразилиялық Жильберто Перейра дос Сантостан (14-7, 10 КО) басым түсті.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал