26.07.2018, 10:51 637 Лозаннадағы киберспортқа арналған жиында ХОК пен ғаламдық қауымдастық өкілдері кездесті

21 шілде күні Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мен Халықаралық Спорттық Федерациялардың ғаламдық қауымдастығы Лозаннадағы киберспортқа арналған біріккен форумда кездесті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Форум спорттық және ойын индустриясы, сондай-ақ, Олимпиадалық қозғалыс арасындағы болашақ қарым-қатынасты реттеуге арналған алаң болды деуге негіз бар.

Қатысушылар арасында 150-ге жуық өкіл болды. Олар: ойыншылар, шығарушылар, командалар, бұқаралық ақпарат құралдары, шара ұйымдастырушылары мен демеушілері; Олимпиадалық қозғалыс мүшелері, ұлттық олимпиадалық комитеттер, халықаралық спорттық федерациялар, спортшылар, серіктестер, радиотаратушылар, ХОК және ХСФҒҚ. 

Форумда болашақ әріптестік мәселелері талқыланып, оның ішінде киберспортты Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосу және оның Олимпиадалық қозғалыстағы форматын анықтау туралы сұрақтар ортаға тасталды.  Форумның мақсаты – компьютерлік ойындардың Олимпиада бағдарламасына қосылу мүмкіндігіне қатысты нақты шешім қабылдамай, аталған сұрақ бойынша алдағы уақытта жемісті еңбек етуге дайындалу.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал